Спорт

Информация, обзоры

2018 жылғы Абай ауданының дене шынықтыру
және спорт саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстары туралы

Абай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2018 жылы 48 аудандық жарыс өткізу жоспарланған, бүгінгі күнге оның 38-і өткізілді. Атап айтсақ спорттың 15 түрінен өткен аудандық спартакиада, сонымен қатар ауданымызда дамыған спорт түрлері футбол, волейбол, дзюдо, таэквондо, бокс, допты хоккей, дойбы, шахмат, үстел теннисі, қазақ күресі және тоғызқұмалақтан облыстық және аудандық жарыстар өткізілді.
Мамыр айында КСРО спорт шебері Қайырбек Дүрмекбаевты еске алуға арналған дзюдо күресінен Республикалық турнир 3 мәрте ұйымдастырылды оның сыртында ауылдық округтердің, жалпы орта білім беретін мектептер және аудандық спорт мектебінің өткізген әртүрлі деңгейдегі жарыстары тағы бар. Осы аталған жарыстардың барлығы Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына және Абай ауданының 90 жылдығына арналып өткізілуде.
Аудан бойынша спорттық нысандар 61 болатын, бүгінгі күнге спорттық нысандар 62 болды, себебі биыл жүзу бассейні мен тағы бір футбол алаңы салынды, оның барлығы бүгінгі күні халыққа қолжетімді және бұл спорттық нысандар жоғарыдағы жарыстарды өткізуге толық мүмкіншілік беріп отыр. Қарауыл ауылындағы орталық стадионның ішіне «Street workout» көше спорт нысандары салынды. Биыл Айбек Нұғымаровтың демеушілігімен Құндызды ауылына жаттығу залы мен күрес залы бар спорт кешені салынды.
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысушылар саны 4480 адам ол жалпы халық санының 30,7 пайызын құрайды. Жаңадан салынған жүзу бассейні жұмыс істесе спортпен айналысушылар саны арта түседі және жаңа спорт түрлерін дамытуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. (суға жүзу, президенттік көпсайыс,)
2018 жылы аудан бойынша 88 спорт маманы жұмыс атқаруда. Оның 49 жалпы орта білім беретін мектептерде, 39 спорт мектебінде қызмет атқаруда.
Сондай-ақ, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 961 оқушы 72 топта спорттың 9 түрі бойынша жаттығады. Атап айтқанда бокс, волейбол, дзюдо, жүзу, таэквондо, үстел теннисі, футбол, қазақ күресі және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде спорт мектебінің филиалдары жұмыс жасайды. Мысалы Қасқабұлақ ауылында қазақ күресі, Ордада бокс, Архатта қазақ күресі, Құндыздыда дзюдо, Көкбайда футбол, қазақ күресі, Медеуде қазақ күресі, Саржалда бокс, волейбол, дзюдо, Тоқтамыста волейбол, қазақ күресі, Кеңгірбай би ауылында бокс, волейбол, қазақ күресі бөлімдері жемісті еңбек етуде.
Жалпы алғанда спорт мектебінің спортшылары биыл облыстық жарыстарда 166 орынға (оның ішінде 61 алтын, 48 күміс және 57 қола), Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен турнирлерінде 55 орынға (оның ішінде 23 алтын, 12 күміс және 20 қола), халықаралық жарыстарда 5 орынға (2 алтын, 2 күміс және 1 қола) медальдарға қол жеткізді.
Биыл жетінші жыл қатарынан қазақ күресінен М.Таутановты еске алуға арналған Республикалық турнир өткізіліп келеді.
Жыл сайын Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесі үшін өткен халықтық спорт ойындарда Абай ауданының құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша 2015 жылы – 8 орын, 2016 жылы – 3 орын алса, биыл тағы 3 орын иеленді. Сонымен қатар биыл ХХІ халықтық спорт ойындарында аудан құрамасы футболдан 2 марте жеңімпаз болды.
2018 жылы Мемлекеттік қызметшілер арасында өткен XVІ облыстық спартакиадасына Абай ауданының құрама командасы жалпы командалық есеп бойынша 5 орынды иеленді.
Сонымен қатар халықаралық пен әлем деңгейіндегі жарыстарда жақсы нәтиже көрсете білді.
Мысалы: Биылғы жылы Айбек Нұғымаров - қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2018» қола жүлдегері, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына және Абай ауданының 90 жылдығына арналған қазақ күресінен түйе палуаны, Қуаныш Искаков - қазақ күресінен әлем чемпионы, Зере Бектасқызы – самбодан 2 дүркін әлем чемпионы, биыл ересек әйелдер арасында дзюдодан Ашхабад қаласында (Түрікменстан) өткен Азия ойындарында алтын медаль алса, таяуда ғана спорт мектебінің түлегі Руслан Жарқынбаев бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында алтын медальға ие болды..

Абай ауданының дене шынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы Е. Сағындықов

Парақтар өзгертілді: 05-11-2018