Ақпараттық талдамалық шолулар

 

Абайдың Жидебай қорығындағы мұражай-үй ғимараты
Саят қора – қазақ халқының ардақты ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының
Көкбайдың мешіт-медресенің
Бөрілі қаладан шақырымда Семей - Қарауыл
Халық ақыны Шәкір Әбенұлының
Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейдің филиалы

 


Абай ауданы

Абай ауданы -  тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен.  Бүгінде бұл аймақ ұлылар мекені деп аталады. Шыңғыс бөктері - қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны. Осынау есімдері әлемге әйгілі халқымыздың біртуар перзенттерін дүниеге әкелген алтын бесік. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы.

Абай ауданы Шығыс Қазақстанның рухани астанасы, ұлылыр мекені. Қазақ халқының ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбергенов, Мұхтар Ауэзовтың музейлері осы жерде орналасқан.
Ресейде Пушкин болса, Қазақстанда Абай қазақ халқының ұлттық мақтанышы.   Осы жерде ұлы Абайдың шығармашылығына арналған республикалық Абай оқулары, көрмелер, шолулар, оқырмандар конференциясы өткізіліп, Абай әндері шырқалады.
Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімдері аталатын үш арыс, үш бәйтерек – Абай, Шәкәрім, Мұхтар Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан дала сахнасының төрінен көрініп тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа деген сенімдерімен, бүгінгі ұрпаққа ұлылықтарымен әйгіленген ұлы тұлғалар. Сарыарқаның кіндік тұсында, алыс сахарада жатқан Шыңғыстау сияқты аймақта үш алыптың дүниеге келіп, сөз өнерінің әсемдік биігіне көтеруі адамзат тарихында сирек кездесетін құбылыс.

Абай – қазақтың қазіргі ұлттық әдебиетінің негізін салған классик. Оның бұл бағыттағы басты еңбегі – қазақ поэзиясына реформа жасап, оны дүние жүзілік көркемдік ойдың деңгейіне көтере алғандығында. Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы. Ол адам тіршілігінің сан саласын қамтып, бүгінгі мен болашақты ұштастырған өміршеңдігімен, әмбебап әрқилылығымен қымбат. Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілсе де, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы боп қала береді. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да – осында!
Шыңғыстау бөктеріндегі атақты Қарауыл, Жидебай, Бөрілі – қазақтың Абайын, Шәкәрімін, Мұхтарын кемеңгер етіп, дүние жүзі ұлыларының санатына жеткізіп, олардың есімін әлемге паш етті.

 

 

Парақтар өзгертілді: 30-04-2015