Кадрлык қамтамасыз ету

Ақпараттар, шолулар

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Кеңгірбай-Би аулының «Шәкерім атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымының бос орнына конкурсқа үміткер ретінде қатысқан Мақсат Нұрсұлтанұлы конкурстың барлық кезеңінен оң нәтиже көрсетіп, 2019 жылдың 31 мамыр күні Шәкерім орта мектебінің директоры болып ресми түрде тағайындалды.

 

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Медеу ауылының «Медеу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымының бос орнына конкурсқа үміткер ретінде қатысқан Карипжанов Серикказы Алиевич конкурстың барлық кезеңінен оң нәтиже көрсетіп,  2019 жылдың  15 наурыз күні  Медеу орта мектебінің директоры болып ресми түрде тағайындалды.

«Персоналды басқару» бағыты бойынша

2018 жылдың 9 айында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға жиыны  21 конкурс өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында 10 ішкі конкурс өткізілді, нәтижесінде 2 мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға, 2- тең дәрежелі лауазымға тағайындалды. 6 конкурс конкурсқа қатысатын үміткерлер болмағандықтан жабылды.
Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында 4 ішкі конкурс өткізілді, конкурсқа қатысушы үміткерлер болған жоқ.
12 жалпы конкурс өткізілді, нәтижесінде 10 адам мемлекеттік қызметке  қабылданды. 2 конкурс конкурсқа қатысатын үміткерлер болмағандықтан жабылды.

Штат саны – 114, нақты бары – 107.
1 қазан 2018 жылға бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар саны - 7.  

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар тізімі 

  Бос лауазым атауы Бос лауазымның пайда болған күні
1 Тоқтамыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 07.06.2018
2 Жер қатынастары бөлімінің басшысы 07.06.2018
3 Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы 02.07.2018
4 Тоқтамыс ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы 01.08.2018
5 Медеу ауылдық округінің әкімі 04.09.2018
6 Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы-бөлімше жетекшісі 17.09.2018
7 Құндызды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 28.09.2018

 

Таза ауысымдылық
2018 жылдың 9 айында 11 мемлекеттік қызметкер (1-квазимемлекеттік секторға кетуіне байланысты, 2-басқа мекемеге кетуіне байланысты, 8-басқа себептермен) өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруiне байланысты босатылды. Таза ауысымдылық деңгейі – 9,6 %.

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 01-07-2019